Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №31 «Береке жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылардың үйде, көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында мектеп инспекторы Д.Тұрсынбай және ДТІЖО П.Байменова оқушыларға «Қауіпсіздік ережесі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: оқушыларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; өрт, электр жөніндегі қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс мәселесі және қылмыстық жауапкершіліктің ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында профилактикалық іс-шаралар жоспарға сай жүргізілді.