Жарияланды: 01.08.2018

Қыстық азық молынан …

Түркістан облысындағы Сайрам ауданы өндіріс өркендеген, шаруашылығы алға өрлеген аудандардың алдыңғы қатарда. Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін орындау бойынша — жылдық жоспар 63040,6 млн. теңгеге орындалып отыр. Статистика басқармасының нақтыланған мәліметіне сәйкес 6 айда 19091,5 млн теңгеге өнім өндірілді. НИК жоспары 103,6%, орындалуы – 108,2%. Егіс көлемін игеру бойынша жоспар 50800 га болса, қазіргі таңға 51110 га жер игерілген. Жыл жылжыған сайын ауданда егістік алқаптары да, суармалы жер көлемі де ұлғайып келеді. Бұл өз кезегінде ауданда шаруа қожалықтарының өрісін кеңейтуге мол үлес қосады. Қыста азық боларлық картоп, пияз, сәбіз сынды азық түрлерін молынан егетін болғандықтан ауданды қамтуға қауқары жетеді. Биыл да аталған өнімдер молынан егілді. Оның ішінде: 2100 га – арпа, 500 га- дәндік жүгері, картоп- 4000 га, 4495 га -көкөніс, 8600 га -мақсары, 25 га -алма, 50 га –жаңғақ, 40га -таңқурай, 11700 га- көпжылдық шөп,3100 га- жаңа жоңышқа, 15700 га- күздік егіс егілді. Жоспар 100,6 % орындалады. Енгі жазғы орым, күзгі орымнан астық мол өнім береді деген жоспар бар. Ал күзгіжиын терімге шаруа да, дихан да қолын ысқылап дайын отыр.

1 234 қаралым