Жарияланды: 29.11.2022

Азаматты әрекетке қабылетсіз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды

 

Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық сотында Азаматты әрекетке қабылетсіз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Арызданушы Н. азамат М. -ді іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

Арызданушы, анасы М. жүйке ауруымен зардап шегетіндігін, жасы бойынша зейнеткер екендігін, ауруына байланысты өзінің іс-әрекетінің мәнін түсінбейтіндігін, оларды басқара алмайтындығын, қорғаншыға мұқтаж екендігін көрсеткен. Осыған байланысты М. -ді іс-әрекетке қабілетсіз деп тануды соттан сұраған.

Істі қарау кезінде, сот қолданыстағы заңды және сот-психиатриялық сараптаманы ескерді. Сот отырысы барысында, арызданушы Н.- нің М. -ға туған ұлы болып келетіндігі анықталды. Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысынан, М. психологиялық жүйке ауруымен зардап шегетіндігі көрсетілген. Психикалық денсаулығының жағдайы бойынша өзінің іс-әрекетін дұрыс ұғына алмайды және оларды басқара алмайды, сондықтан оны қабылетсіз деп тану ұсынылған. Денсаулығы жағдайы бойынша бөтеннің қамқорлығына және қорғаушыға мұқтаж, сотқа қатысу мүмкіндігі жоқ.

Жоғарғы көрсетілген мән-жайлардың жиынтығына баға беріп, сот азамат Н. -ның талабын қанағаттандуру туралы қорытындыға келді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

399 қаралым