Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларымен болатын жол апатының алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар жылқылардың мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілуде. Ал ауыл тұрғындары полицейлердің ұсынысын қолдап, көбісі өз малдарына орналастыруда жұмыс жасауда. Бұл таспаның ерекшелігі сол, қараңғы кезде жүргізушілердің көзіне алыстан түседі. Сондықтан полицейлер жол апатын болдырмауға бағытталған осындай кез келген оңды ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру қажеттігін ескертеді. Елімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін үй жануарларын жарық шағылыстырғыш аэрозольмен таңбалау жоспарланып, жүзеге асыпылуда. Бұл дәл ос бағыттағы жл апаттарының көбейіп кетуінен қолға алынған шара. «Шымкент-Самара» тас жолының бойында автокөліктердің мал қағу жағдайы жиі кездеседі. Елімізде үй жануарларының қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары жылдан-жылға көбейіп барады. Тек былтырдың өзінде мал қағу деректері бойынша жүзден аса оқиға тіркеліп, салдарынан қырыққа жуық адам қаза тапқан. Жалпы, мал соғылып, жылына неше апат болатыны белгісіз. Себебі көлік пен малдың соқтығысуы салдарынан адамдар зардап шеккенде ғана құзырлы органдарда оқиға тіркеледі. Малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының барлық облыстың тасжолдарында орын алады. Тұрғындарға малды қорада ұстап бағу жөнінде түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде. Аймақтар арасындағы жолдар тегіс, жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениеті болмаса, жол-көлік оқиғалары азаймайды. Оған ірі қара малдың қатысуымен болатын оқиғаларды қосыңыз.