Жарияланды: 10.11.2022

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

Тәуелсіз еліміз бүгінгі таңда жаңа әрі қуатты Қазақстан мемлекетін құру жолында маңызды әлеуметтік-саяси реформаларды жүзеге асырып келеді. Биыл Конституциямызға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды, Президенттің жеті жылға және бір мерзімге сайлануы туралы өзгерістерді ел жылы қабылдады.

Қазақстан Републикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы еліміздің дамуында маңызды рөл атқармақ. Өйткені, Қазақстан жаңа кезеңге қадам басты. Ендігі Қазақстан жаңғыру мен жаңару арқылы бағыт-бағдары айқындалған, экономикалық өзгерістерге толы болмақ.

Алдағы Президент сайлауы елдегі саяси жүйені жаңғыртудың тетігі ретінде маңызды. Бүгінде көршілес елдерде қақтығыстар өршіп тұрған кезде еліміздегі ең басты мәселе – тұрақтылық пен тыныштық екені белгілі болды.

Кез келген дамыған қоғам үшін Президент сайлауы айтулы оқиға. Бұл сайлауда егеменді елінің болашағын ойлайтын басшының сайлануы Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажет!

Бүгінгі таңда Президенттікке тіркелген үміткерлер белсенділік танытып, аймақтарды аралап, халықтың хал-ахуалымен етене танысып кездесулер өткізіп жатыр. Кез келген дамыған қоғам үшін Президент сайлауы маңызды оқиға. Бұл елді біріктіретін, жаңа Қазақстанды құрайтын, жаңашылдыққа бастайтын қадам. Әрбір азаматқа тең мүмкіндік беріп, әділ де дамыған мемлекет болуға ұмтылған халық қазір өз таңдауын жасап жатыр.

Биыл бастау алған игі бастамаларға қоғамның әрбір мүшесі қолдау көрсетіп, өз таңдауын жасауы керек. Бұл күні еліміздің ертеңі үшін маңызды шешім қабылданады. Осы саяси науқанда өзіміздің конституциялық азаматтық құқығымызды пайдалана отырып, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауымыз керек. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді дана халқымыз. Ендеше осы бейбіт дамыған мемлекетке дауыс берейік.

Алдағы сайлаудан күтер үміт көп. Осы орайда, болашақтың жарқын гүлденуі – біздің қолымызда деп айтар едім. Сол үшін жерлестерімді Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына белсене қатысуға шақырамын.

Шамхат ХАЛМУРАДОВ,
Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы

591 қаралым