Жарияланды: 10.11.2022

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ — ЕЛ РЕФОРМАСЫН ЖАҢАША ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСУ

Бірлік, татулық, ынтымақ деген ұғымдар – мәңгілік бөлінбейтін, берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым, сан ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. Бабаларымыз ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік ұстаған.

Біздің Отанымызда 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады. Біртұтас бірлігі жарасқан еліміздің халық саны жыл санап көбеюде, Отанымызда басқа ұлт өкілдері мен қазақ халқы бір киелі шаңырақ астында, бір атаның баласындай бірлікте тұрады.

Осылайша бірлігі жарасқан қазақ елін алда келе жатқан саяси науқанға бір кісідей қатысуға, жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасауға шақырамын. Әрқайсымыздың сайлауға қатысып, дауыс беруіміз өте маңызды. Сіздер ел болашағының ертеңі жарқын болсын десеңіздер, онда ол өз қолымызда.

Құрметті жерлестер, қараша айында елімізде өтетін Президент сайлауына қатысып, ел болашағының дамуына өз үлестеріңізді қосып, өз таңдауларыңызды жасайтындықтарыңызға сенімдімін. Құрметті Қазақ елі, ел дамуы жолында Сіздің дауысыңыздың маңызды екенін ұмытпаңыз!

Рая ИБАДУЛЛАЕВА,
Түркістан қалалық мәслихатының депутаты

446 қаралым