Жарияланды: 30.11.2022

“Қылмыссыз балалық шақ” айлығы аясында іс-шаралар өтуде

 

Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы №2 Ө. Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясында «Аталар сөзі — ақылдың көзі» атты іс- шарасы ұйымдастырылды, онда бала тәрбиесіне жағымды әсер ету мақсатында «Ардагерлер кеңесі», » Ата мектебі», «Әже мектебі», « Әке мектебі» мүшелерін тарта отырып оқушылармен кездесу өткізілді. Оқушылар дана ата апаларымыздың айтқан өсиет әңгімелерін қызыға тыңдап, асыл әжелеріміз қызықты мәліметтер алып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.. Түркістан облысы Келес ауданы №25 С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ  аудандық «Қылмыссыз балалық шақ» тақырыбындағы айлық іс-шаралар жоспарына сәйкес бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің жауапкершілігін көтеру мақсатында ата-аналар жиналысы болып өтті.

Бала қауіпсіздігі басты назарда. Мектеп инспекторы М.Алдабергенов пен Э.Есенқұлова жиналысты ашып , ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктің алдын алу, үлкендер тарапынан жасөспірімдерге жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында түрлі тақырыптарды қозғап түсіндірді.  Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Н.Илесов бала тәрбиесі жауапкершілігі ортақ іс, сондықтан мектеп пен ата-аналар тығыз байланыста болғанда ғана жан жақты дамыған , білімді саналы ұрпақ тәрбиеленіп шығатынын әңгіме етті. Сондай-ақ, №7 жалпы білім беретін мектебінде осы тақырып жалғасын тапты. Бала тәрбиесі, отбасы тәрбиесінің жауапкершілігін көтеру мақсатында ата -аналармен жиналыс өткізілді. Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Бекбаева Замира жиналысты ашып бала тәрбиесі ортақ іс мектеп пен ата — аналар тығыз байланыста болғанда ғана жан жақты дамыған, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелейміз деп сөзін жалғады, жиналыс барысында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абубакиров Ерлан баяндама жасап

«Ұл тәрбиесі» , » Қыз тәрбиесі», «Жыныстық тәрбие», «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу» мәселелерін көтерді. Мектеп психологтары иШ. Қалтаева және А. Шойғараевалар «Ата — аналармен сауалнамалар» жүргізді.

 

 

 

603 қаралым