Жарияланды: 30.11.2022

«Абайлаңыз, балақай!» іс-шарасы ұйымдастырылды

 

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың, оның ішінде зорлау сипатындағы қылмыстардың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жарияланған «Қылмыссыз балалық шақ» тақырыбындағы айлық іс-шарасы өтуде.

Осы айлық аясында мектептегі жол қауіпсіздігін және өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Абайлаңыз балақай!» іс-шарасы ұйымдастырылды. Акцияны өткізу барысында балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп аумағындағы жолдарға мониторинг жасау, Акцияның басты мақсаты – жол-көлік жарақаттануының алдын алу және жол-көлік оқиғаларын балалардың қатысуымен болдырмау.

Республикалық маңызы бар жол бойында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағы, жолаққа дейінгі орналасқан жасанды жылдамдық кедергілерін бар жоғын анықтау.

Сондай-ақ бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің жауапкершілігін көтеру мақсатында ата-аналармен жиналыс өткізілді.

Ай соңына дейін осы мазмұндағы бірнеше іс-шараларды өткізу жоспарланған. Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қылмыссыз балалық шақ» тақырыбындағы айлық іс-шарасының жоспарына сәйкес, «№24 «Ұшқын» негізгі орта білім беретін мектебінде» КММ-де мектеп тәлімгері М.Асанованың ұйымдастыруымен мектептегі жол қауіпсіздігін және өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Абайлаңыз балақай!» тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Жол-көлік жарақаттануының алдын алу және жол-көлік оқиғаларын балалардың қатысуымен болдырмау….

 

 Мектеп басшысы Нұрия Шайхыдинқызы Қасымбекова жиналысты ашып, бала тәрбиесі жауапкершілігі ортақ іс, сондықтан мектеп пен ата-аналар тығыз байланыста болғанда ғана жан-жақты дамыған, білімді, саналы ұрпақ тәрбиеленіп шығатынын әңгіме етті. Ата-аналар жиналысы барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Алибекова оқу барысындағы мәселелерге тоқталып , мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Тұрлыбеков баяндама жасады.

Отбасылық құндылықтарды сақтау, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктің алдын алу, тіл табысып кетуіне ықпал ету, үлкендер тарапынан жасөспірімдерге жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында түрлі тақырыптарды қозғап, арнайы тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп талқыланды.

Мектеп психологы Ф. Еспулганова ата-аналармен тренинг өткізді. Сондай-ақ, №44 «Сырдария» жалпы орта білім беретін мектебінде «Абайлаңдар балалар!» іс-шарасы ұйымдастырылды. Акцияны өткізу барысында балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп аумағындағы жолдарға мониторинг жасалды.

Мақсаты — қушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету, жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту, жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.

 

 

 

 

537 қаралым