Жарияланды: 30.11.2022

Әкімшілік сот басқарма басшысына ақшалай өндіріп алу шарасын қолданған

Түркістан облысының әкімшілік сотында талап қоюшы Б. жауапкер мемлекеттік мекемесіне мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскесіне қаржылай өндіруді міндетеу туралы әкімшілік ісі бойынша сот отырысында тараптар арасында туындаған дауды татуласу тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілген. Бұл туралы Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік сотының хабарлады.

 

Сотпен бекітілген татуласу туралы ұйғарымы орындамағаны үшін жауапкерге ақшалай өндіріп алу жөніндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолданылған.

Істің мән-жайына қарағанда, жауапкер мемлекеттік мекеме тарапынан соттың ұйғарымымен бекітіліп көрсетілген қаражатты талап қоюшының пайдасына мерзімінде қайтармаған, сот ұйғарымын орындамау себебі мемлекеттік мекеменің бюджетінде қаражаттың тапшылығымен негіздеген.

ӘРПК-тің 127-бабының 5-бөлігіне сәйкес соттың шешімін, соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Сот мемлекеттік мекемесінің басшысына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 153 150 (бір жүз елу үш мың бір жүз елу) теңге ақшалай айыппұл өндіріп алу жөнінде ұйғарым шығарған.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

 

258 қаралым