Жарияланды: 30.11.2022

Қоғамдағы отбасы рөлін күшейту мақсатында…

Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық сотының бас маманы Заурбек Динара Абдумаликовна аудан көлемінде 25 қараша — 10 желтоқсан 2022 жыл аралығында өткізіліп жатқан «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясына қатысуда.

Гендерлік саясатты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, ана мен баланының құқығын қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін күшейту мақсатында өткізіліп жатқан акцияға полиция бөлімінің, «Әлеуметтік психологиялық сүймелдеу қызметі» бөлімінің өкілдері, «Әкелер мектебі» кеңесінің төрағасы, мектеп директорлары, әкелер мен полицияның қоғамдық көмекшілері қатысуда.

Қазақстан Республикасы заңдарымен кепілдік беретін әйелдердің конституциялық құқықтары мен отбасында кездесіп тұратын әйелдер мен балалар мәселесін реттейтін заңдылықтардың бұзылуына жол бермеу, қоғамдық өнегілігі мен тұрмыс қажеттілігіне байланысты құқықтық актілердің мөлшерінің талаптары туралы түсіндіріліп, ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізуде.

Кездесу барысында ұсыныстар мен пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарына жауаптар беріліп, іс шара кезінде үнпарақтар таратылып, видеоролик көрсетілуде.

 

 

 

347 қаралым