Жарияланды: 30.11.2022

Қызметкерлермен дөңгелек үстел өтті

 

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Е.Киргизовтың төрағалығымен “Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау, және Әдеп кодексі нормаларын сақтау” бойынша және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы N39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бөлім қызметкерлерімен дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, шектеулерді, сондай-ақ, еңбек тәртібін сақтау мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан тыс уақытта да мінез-құлық стандарттарын ұстану қажеттігі қатаң ескертілді. Сонымен қатар, сот актілерін орындау бағытында «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау » мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы бойынша Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар қарастырылды. Сондай-ақ, бұдан кейін Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Е.Киргизов атқарушылық іс жүргізу сұрақтары бойынша келіп түскен арыз-шағымдардың санын азайту мақсатында азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдау барысында, сот актілерінің орындалуы бойынша борышкерлер мен өндіріп алушылардың құқықтары мен міндеттері, өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау, алимент өндіріп алу туралы құқықтық ақпарат бойынша азаматтарға кеңестер берілді.

376 қаралым