Жарияланды: 30.11.2022

Ескерту түріндегі әкімшілік жазалары қолданылды

 

 

 

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен және 488-бабының 6-бөлігімен азаматша Х.Д. мен азаматша Р.Е-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері  тіркелген. Бұл туралы Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты хабарлады. Іс-құжаттарына сәйкес Х.Д. және Р.Е.  Түркістан обысына қарасты Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесінің бойында орналасқан Төлеби алаңында жергілікті атқарушы органмен келісілмеген ұйымдастырылған митингке қатысып, қоғамдық орында былапыт, балағат сөздерді айтқан.

Аталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бір өндіріске біріктіріліп, аз-ша Х.Д. және Р.Е.-ға жоғарыда көрсетілген баптармен кінәлі деп танылып, 10721 теңге әкімшілік айыппұлы салынып, ескерту түріндегі әкімшілік жазалары қолданылған.

 

616 қаралым