Жарияланды: 30.11.2022

Әкімшілік айыппұл төлеу туралы хабарламаны жүктеп алудың тиімділігі жөнінде пікір алмасты

Түркістан облысының Отырар аудандық соты мамандардың біліктілігн арттыру үшін ұдайы семинар сабақтар өткізіп тұрады. Күні кеше

Электрондық үкіметтің Төлем шлюзінің дереққоры бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерде әкімшілік айыппұлдарды төлеуді тексеру нұсқаулығы атты тақырыпта сот мамандарымен семинар сабағы өткізілді.

Аталған семинар сабағында кеңсе меңгерушісі К.Әлімбек, жетекші маман М.Шохаев баяндама жасады.

Баяндамасында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 893-бабынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша айыппұл төлеу туралы құқық бұзушының сотты хабардар етуін көздейтін нормаларды алып тасталуына байланысты, «Төрелік» СО АЖ-нің ЭАЕҚ-да «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің (әрі қарай — ЭҮТШ) базасы бойынша әкімшілік айыппұлдардың төленуін тексеру іске асырылды.

Мысалға, «Төрелік» АЖ-де ЭҮТШ арқылы бюджетке ақшалай қаражаттың түсуі туралы ақпарат алуға, оның ішінде бюджеттік сыныптаманың мынадай кодтары бойынша: «204 142 Мұнай секторы ұйымынан түсетін түсімдерді қоспағанда, сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлері, соттың уәкілетті өкілі немесе сот отырысында өкілі салатын әкімшілік айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуларды төлеу» және «204 162 — Мұнай секторы ұйымынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» әкімшілік айыппұл төлеу туралы хабарламаны жүктеп алуға және сақтауға болатынын түсіндіріп өтті.

Жиын соңында қатысушылар әкімшілік айыппұл төлеу туралы хабарламаны жүктеп алудың тиімділігі жөнінде пікір алмасты.

 

365 қаралым