Жарияланды: 30.11.2022

«Құқықтық мәдениет» жобасы бойынша жадынамалар таратылды

 

Қазіргі таңда Түркістан облыстық Әділет Департаментінің қызметкерлері «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жүргізуде. Жоспар аясында Түркістан облыстық Әділет Департаменттің қызметкерлері халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа тәулік бойы тегін заң көмегін көрсету мақсатында, қала тұрғындарына құқықтық сұрақтар бойынша тегін кеңес алу, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу мемлекеттік қызметті көрсету қағидасына сәйкес жұмыстар атқаруда. Соған орай  әзірленген жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Құқықтық мәдениеттегі арнайы деңгей құқық, құқықтану, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесі сияқты құбылыстармен қарастырылады. Құқықтық мәдениеттің бірнеше элементтері бар: — жеке тұлғаның құқықтық санасы; — -қоғамдағы құқықтық қатынастар; -заңдылық пен тәртіп; -заң шығару, — мемлекет пен құқық саласындағы басқа да қызмет түрлері. Әртүрлі мәселелерді шешу үшін немесе олардың алдын алу үшін алдымен азаматтар өз құқығын жоғары деңгейде білуі, қорғай алуы қажет. Олардың ауқымы өте алуан түрлі, бұл отбасылық қатынастар, жеке меншік құқығын қорғау, өмір мен денсаулық қауіпсіздігі, білім беру және әлеуметтік қауіпсіздік болуы мүмкін.  Қазіргі әлемде құқықтық сауаттылық пен мәдениет жайлы сөз болса, адам құқықтарын қорғау, нәсіліне, жынысына не басқа да белгілеріне байланысты кемсітпеу керек екені айтылып жатады. Дегенмен құқықтық мәдениет мәселесінің ауқымы кең. Көзі ащық, көкірегі ояу жан өзінің құқықтық сауатын арттырып тыруы қажет. Құқықтық мәдениетін қалыптастыруы қажет. Құқықтық нигилизм сыбайлас жемқорлықты, ал оның салдары көлеңкелі экономиканың пайда болуына әсер етеді. Жалпы бұның көптеген салаға әсері бар. Сондықтан да алдағы уақытта да департамент мамандары түсіндірме бағытындағы жұмыстарлы жалғастыра беретін болады.

527 қаралым