Жарияланды: 30.11.2022

Зиянды заттардың құмарлыктың алдын алу жайлы оқушыларға кеңінен түсіндірілді

 

Жуырда  А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектеп базасында Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы іс шара болып өтті. Аталмыш кездесуде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау, зиянды заттардың құмарлыктың алдын алу жайлы оқушыларға кеңінен түсіндірілді. Оған арнайы  орталық емхана мамандары терапевт дәрігер А.Құнанбай, психолог маман М.Көпбаева, Салауатты өмір салтын сақтау дәрігері Р.Нуралиева, балалар психиаторы М.Сүлейменовтың қатысуымен 8.9.10 сынып оқушылары қатысты. Кеңес беру жүмыстары жүргізілді. Оқушылар кездесуге белсене қатысып, мамандардан өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды…

 

Бүгінгі таңда дүние жүзінде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны рас. Күніне әлемде қаншама бала осы «суицид» деген дерттің құрбаны болып отыр. Ең алдымен «суицид» деген сөздің мағынасына түсініктеме беретін болсақ – ол адамның өз-өзіне қол жұмсау, яғни өзін жою әрекеті. Бұл қоғамдағы өткір психологиялық зақымдаушы жағдайлардың әсерінен болады. Мұндай жағдайда ең жоғары құндылық болып саналатын адам өмірі өз мәнін жоғалтады. Суицидтің себептері әртүрлі және ол субъектінің жеке тұлғалық формасының өзгеруіне ғана емес, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өнегелілік ұйымдастыруларына да байланысты болады. Статистикаға көз жүгіртсек,. жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады екен. Қорқынышты дерек…

 

Адам өмірінің ең басты құндылығы тіршілік. Өмірге бір күннің ішінде мыңдаған адам келіп жатса, мыңдаған адам бақилық болып жатады. Көптеген адамдар талқаны таусылып, арғы дүниеге аттанып жатады…  Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау қаупі туралы хабар беретін белгілер: Эмоционалды Дәрменсіздік, күдер үзу, елеусіздік сезімі. Қайғыру. Осы белгілерді байқаған ата-анасы, ұстаздары тез арада шешім қабылдап баланы жаман ойдан арылтып, мамандардан кеңес алып, тіпті емдетіп, алдын алуы қажет. Өз-өзіне қол жұмсаған әрбір адамның айналасында орта есеппен алғанда оның өлімі ауыр жан жарақаты болып қалатын 6 адам болады екен. Әрине ең алдымен баланың ата-анасына, бауырларына, жақындарына ауыр тиері сөзсіз. Мысалы, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі – қалыпты құбылыс, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді дегенді мамандар айтады. Бұл дегеніңіз жастардың әлсіздігі, әлжуаздығы, психологиялық тұрғыда тұрақсыздығы, тым еркін өскендігі, еркелігі мен айтқаны болып, дегендерінің орындалғаны болса керек-ті. Адамның өз өзіне қол жұмсауы жақсылық емес. Ал жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы тіптен төзгісіз жағдай. Сондықтан да осындай күрделі мәселелердің алдын алу үшін жасөспірімдерді сақтандыру жолдарын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізудің еш артықтығы жоқ.

 

351 қаралым