Жарияланды: 30.11.2022

Жоғары нәтиже көрсетті

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызының басшылығымен Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан туристік-спорттық лагерінде «Тұран скауттар әскери патриоттық қозғалысы» слетінің ашылу салтанаты өтті. Жарысқа «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан жалпы саны 150 үйірмеші қатыстырылды. Слеттің мақсаты — Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, Скауттар қозғалысының шеберліктерін меңгерту,  Оқушыларды азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу,  Оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру, Топтар арасынан үздік туристік топтарды анықтау.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған Скауттар слеті — бұл барлық скауттарды біріктіретін шара. Скауттар өзара тәжірибе алмасып, күштерін сынайды, скауттар қозғалысын қалыптастыру элементтерін үйренеді. Слет аясында бағдар алу және туристік кедергілер жолағынан өту элементтері бар, спорттық және танымдық ойындар, кешкі шаралар ұйымдастырылады.

Слеттің ашылу салтанаты «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызының құттықтау сөзімен ашылды.

Сауле Өмірсерікқызы слетқа қатысушы топтар мен жетекшілерге сәттілік тілей отырып, жарыс кезеңдері бойынша жеңіске жетулеріне тілектестігін білдірді.и Жарысқа «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан жалпы саны 150 үйірмеші қатыстырылды. «Тұран скауттар әскери патриоттық қозғалысы» слетін жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлына, қатысушы оқушылардың жол қауіпсіздігіне, денсаулығына, жарыстың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М.Т.Қабденовқа, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы М.О.Пашимовқа, Түркістан облысы ТЖД бастығы азаматтарға қатысушылар алғыстарын білдірді. Слетті өткізу тәртібі мен ережесіне сәйкес жарыс кезеңдері: «Скауттық барлау» туристік кезеңі.  «Туристік кедергілер жолағы» кезеңі.  «Жас скаутшылардың ұраны мен саптық жүрісі». Бивуакты ұйымдастыру (сұрақ-жауап). Слетке қатысушы қала, аудандық қосымша білім беру мекемелері үйірмешілерінің арасындағы жарыс тартысты өтуде. Слет аясында бағдар алу және туристік кедергілер жолағынан өту элементтері бар, спорттық және танымдық ойындар, кешкі шаралар ұйымдастырылады. «Тұран скауттар әскери патриоттық қозғалысы» слетіне қатысқан оқушыларын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, белсенділік танытқаны үшін Жетісай ауданы, Асық ата кенті №10 «Қайнар мектеп-гимназия» КММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ауелов Айдос Ержанұлына қатысушылар алғыс білдірді. «Жас скаутшылардың ұраны мен саптық жүрісі» кезеңдері бойынша қатысушы жас туристерге жоғары нәтиже көрсетті.

218 қаралым