Жарияланды: 02.08.2018

Таза еңбектің арқасында табиғи өнім тұтынады

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданына қарасты Ақбастау ауылында нағыз жер емген дихандар тұрады деуге болады. Өйткені, Үлкен Бөген мен Бала Бөген өзендері ауылды орай өткендіктен тұрғындар ағынсудан тапшылық көрмейді. Оның үстіне жер де шұрайлы. Мұнда шаруа қожалықтары көп.  Сондықтан, мұндағы әрбір үйдің ауласы мен бау-бақшасы жайқалып тұрады. Дегенмен, мұның бәрінің астарында үлкен еңбек жатқаны белгілі. Ақбастау-тоғыз жолдың торабында болмаса да,  күре жолдың  бойында орналасқан ауыл. Ал, мұндай жерде орын тепкен елдің халқы қашан да ширақ келеді. Солардың  бірі — Ташболатовтар әулеті.  Бұл отбасы да — үйрігелік  бау-бақша егудің  нағыз мамандары.  Оны ауладағы өсіп тұрған түрлі көкөністер жағдайынан-ақ байқауға болатындай. Пернекүл Дөненбаева — ауыл тұрғыны

Ал, отағасы Жарылқасын Ташболатовтың негізгі мамандығы — гидротехник. Кезінде осы шаруашылықта су маманы болып істеген. Ал, қазір ол мамандық қажетсіз болып қалған. Есесіне сол білімі бау-бақшаны баптауға  жетіп тұрғандай. Жарылқасын Ташболатов — ауыл тұрғыны Бұл отбасы үй іргесіндегі бау-бақшаны көл-көсір табыс табу үшін емес, өз-өздерін  қамтамасыз ету үшін  жасап отырған шаруалары. Сонымен қатар, бұл тіршілік — көпке үлгі. Ал, ең бастысы, олар тек таза табиғи өнім тұтынуда.   

Мұхтар Атабек

1 130 қаралым