Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 485-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану (дұрыс қолданбау), егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Мәселен, Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық «Ветеринарлық қызмет» филалының аңшысы «Р» мекеменің пневматикалық қаруын иесіз ит-мысықтарды аулау барысында құқыққа сыйымсыз қолданғаны анықталған. Осындай құқық бұзушылық әрекеттері үшін оған қатысты әкімшіліқ хаттама толтырылып, сотқа қарау үшін жолданған. Бұл туралы Түлкібас аудандық соты хабарлады. Нәтижесінде, Түлкібас аудандық сотынының қаулысымен азаматша «Р». Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 485-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 42 882 теңге әкімшілік айыппұл салынды.