Жарияланды: 01.12.2022

Тәлімгерлер тәлімді сабақ өтті

 

 

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Аманкелді атындағы негізгі орта мектебінде «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жоспары бойынша қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа ДТІЖО Ешенкулова Э.С, мектеп психологі Дүйсенбекова Г. М, мектеп тәлімгері Аман Қ.Е, қыздар жиналысының жетекшісі Жубангалиева Б.К қатысты. Жиналысты ДТІЖО Ешенкулова Э.С ашып берді. Ол өз сөзінде «Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы, әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі береді. Қыз баланың тәрбиесі де қоғамның, жалпы ұлттың бірлесе атқаратын жұмысы, сол үшін де мектебіміздің қыздарының тәрбиесі үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз керек. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуымыз керек » деді.

Мектеп психологі Дүйсенбекова Г.М «Адамның жеке бас гигиенасы » тақырыбында баяндама оқыды. Жүйелі жазылған баяндама барысында, қыз баласына керекті дүниелердің барлығы дерлік айтылды. Жеке бастың гигиенасы, дене тазалығы, шаш, тырнақ, ауыз қуысының күтімі, киім кешек пен аяқ киім тазалығы жайлы жеке жеке тоқталып өтті. Ол өз сөзін «Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшеленіп жүрсе екен» деп аяқтады. Бүгінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық құбылысы жиі кездесетіні жасырын емес. Одан қыз балалар да шет қалып жатқан жоқ. Сондықтан да қоғамға жат қылықтан бойды аулақ ұстау қажеттігі туралы да баса айтылды.

Мектеп тәлімгері Аман Қ.Е «Қыз бала ұлттың ұясы» тақырыбында баяндама оқыды. Ол өз сөзінде «Қыз баласы табиғи, шынайы, жылы жүзді болу керек. Тек қана сыртқы келбет қана емес, адамның ішкі рухани байлығы маңызды екенін, Қыз баласы ұлттың айнасы екенін есте шығармау керек. Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу арқылы, біз бүкіл ұлтымызды тәрбиелейміз » деді. Қыздар жиналысының жетекшісі Жубангалиева Б.К «Қыздарға ұлттық тәрбие туралы » атты тренинг сабақта қыздарды үш топқа бөліп, әр түрлі жаттығулар мен жарыстар ұйымдастырды. Мысалыға алатын болсақ, «Күн шуағы» жаттығуында қыздар күннің сәулесі арқылы өздерінің жағымды, бұлттар арқылы жағымсыз қасиеттерін бейнелеп көрсету тапсырылды. Негізгі мақсат өз бойларындағы жағымды жағымсыз қасиеттерін өздері анықтай білуін, өз кемшіліктерін сезініп, оны жою үшін жұмыс жасау керектігін түсіндіру. «Өрмекші торы» жаттығуында керісінше қыздар бір бірінің жағымды қасиеттерін айтып өрмекшінің торын жасайды, жіпті керісінше қайтару арқылы бір бірінің кемшіліктерін айтады. Негізгі мақсаты сын түзелмей мін түзелмейтінін ұқтыру, өздерін сырт көзбен бақылап көрсетуге үйрету болды. Қыздар арасындағы болып жатқан проблемаларды ситуациялық сұрақ ретінде қойып, оны көрініс ретінде көрсету әр топқа ұсынылды. Мақсаты көрініс арқылы, қыздардың көкейіндегі сұрақтарға өздері жауап таба білу керектігін, ойланбай тұрып әрекет жасамау керектігін түсіндіру болды. Тренингтің соңында қыздардың арасында ауызбіршілік, сыйластық, тәрбие мен тәртіп болуының маңызын түсіндіру мақсатында топтық жұмыс жасалды. Жіпке байланған маркер арқылы берілген не сөзді, не суретті қағазға бейнелеу керек, сол арқылы қыздарысыз ауызбіршілік пен сыйластықтың , бір бірін тыңдай білудің маңызын ұғынды. Тренингтің жақсы дәрежеде өтуіне мектеп психологі мен тәлімгерінің қорытынды сөздері, берген ақылдары жақсы әсер етті.

Жалпы күн тәртібіндегі баяндамалар да тренинг сабақ та өз мақсатына жете алды. Қыз баласына «қазақ қызы » деген қастерлі атқа лайық болып, терең білім, тиянақты тәрбие алып, бір бірімен тату, бірлікте, достықта болу керектігін тыңғылықты түсіндіре алды.

 

 

306 қаралым