Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Болашақ» мектеп-гимназиясында 10 қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты 7 сынып оқушылары арасында мектептің педагог-психолог маманы Сабира Азимбаеваның ұйымдастыруымен тренинг сабағы болып өтті. Тренинг барысында оқушылар балалық шақ туралы ойларын айта келе, қазіргі таңдағы балалар әлеміндегі жаңалықтармен жалғады.
Бұл пікір алмасу алаңы оқушылар үшін өз түсініктері мен танымдарын жеткізуге мүмкіндік сыйлады. «Бала құқығы — адам құқығы» айлығында жоспарланған іс-шаралар балғын балалар үшін маңызы зор. Сондай-ақ, дәл осы «Болашақ»мектеп-гимназиясында «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында Қазығұрт аудандық полиция қызметкерлерімен ҚР Балалардың құқықтарын қорғау, Бала құқықтары туралы Конвенцияның баптарын, жасөспірімдердің құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, бопсалау, фактілерін болдырмау туралы кездесу сабағы өткізілді. Бала біздің байлығымыз, барлық балалардың құқығы қорғалуы керек екендігі туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.