Жарияланды: 01.12.2022

Келер жылға жоспарларды бекітті

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйымдастырумен Астана қаласында «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын орындау мақсатында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдарының төрағалары мен білім саласының мамандарымен бірге оқу-әдістемелік жиын өтті. Жиынға Түркістан облысынан «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери- патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филалының төрағасы Қонысбеков Роллан Төреханұлы және «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің спорт бөлімінің педагог-ұйымдастырушысы Әбішов Оразгелді қатысты. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, «Жас сарбаз» қозғалысының құрылтайшысы — генерал-лейтенант М.Қ.Таласовпен бірге кездесу ұйымдастырылып, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант С.Б Қамалетдиновтың төрағалығымен 2022 жылғы «Жас сарбаз» қозғалысының 2022 жылғы қызметінің қортындысы және 2023 жылға арналған жоспарларында бекітті. Жиын соңында «Жас сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық әндер фестивалінің лауреаттарының гала-концертімен жалғасты. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, оларға Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту болып табылады.

 

 

 

 

 

 

268 қаралым