Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі «Бәйтерек» жалпы орта мектебінде елімізде балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғалары жағдайларының жиілеуіне байланысты оқушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы №15-3/97-И шығыс хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР Премьер – Министрі Ә.А. Смайыловтың жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау мәселесі жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысында «Бәйтерек» Жалпы орта мектебінің оқушылары арасында барлық сынып жетекшілер ұйымдастыруымен «Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, осы «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тақырып бойынша бейнелеу әдісін түсіндіру, бағыт беру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды. Осы және де өзге жол ережлері туралы ежіктеп түсіндірілді. Оқушыларға алдағы уақытта да осы бағыттағы сабақтар легі жалғасын табатын болады.