Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы №13 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ «Қылмыссыз балалық шақ» айлық іс-шарасының «Заң-Оқушы-Заман» тақырыбында 3-11 сыныптары оқушыларымен дөңгелек үстелдер, пікір таластар, тәрбие сағаттары, кездесулер өткізілді. Келес ауданының білім бөлімі №13 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ Балалар өкілі тақырыбында — «Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғам мен мемлекет өміріне қатысуының өзекті проблемаларын шешуге жәрдемдесу» тақырыптарында оқушылармен пікір алмасты. Сондай-ақ, аталмыш аудандағы Омар Есімов атындағы мектепте де “Қылмыссыз балалық шақ” тақырыбындағы айлық іс-шара кезінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ”Ұл тәрбиесі” , “Қыз тәрбиесі” , “Жыныстық тәрбие” , “ Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу” , “Ата-аналармен сауалнама” және т.б мәселелер талқыланды. Бала тәрбиесіне жағымды әсер ету мақсатында “Ардагерлер кеңесі” , “Ата мектебі“ , “Әже мектебі“ , “Ана мектебі “ мүшелерін тарта отырып оқушылармен кездесулер өткізілді. “Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады” демекші оқушының мектеп қабырғасында тек білім алып қана қоймай, тәрбиенің түзілуіне де септігін тигіземіз. Себебі, әрбір бала біздің болашағымыздың бір бөлігі.
Қазіргі таңда тәрбие, білім салалары басты мақсатта. Осы мақсаттың орындалуы үшін өзіміз үлгі беретіндей болуымыз керек. Қазақ сөзбен түзеп, көзбен тәрбиелеген ұлы халық қой. Біздің қарттарымыз осы мәселені көтеріп, өздерінің өмір бойы алған ілімдерін, өсиеттерін балаларымызға жеткізді», деді қатысушылар. “Қылмыссыз балалық шақ” атты бір айлық іс-шара кезінде мектеп оқытушылары бала тәрбиесіне аса қатты көңіл аударуда. Жиналыс барысында білім алудың маңызы мен білім алудың бірінші қадамы-тәрбиенің дұрыстығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп шағын бейнетаспа ұйымдастырылды.