Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Қазір елімізде саяи науқанға қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл сайлау президенттің 7 жылға бір ғана мерзімге сайланатынымен ерекшеленеді. Маңыздылығы да осында. Жаңару алдындағы үлкен бастама болғалы тұр. Еліміздің дамуы үшін – игі қадам.
Елімнің ертеңі, ұрпағымның келешегі, мемлекетіміздің мәртебесі үшін мен бұл сайлауға белсене қатысамын. Мемлекетте болып жатқан әрбір өзгерістердің, саяси жаңалықтардың маңызы жоғары. Бұл науқанда бірлігімізді көрсетуге тиіспіз. Сайлауды тек дауыс беру деп қарастырмау керек. Сайлау — ел Президентін таңдау, болашағыңның жарқын көрінісін бейнелеу, саясатыңды саралау, өз таңдауыңды жасау.
Осы орайда барша жерлестерімді бұл сайлаудың маңыздылығын түсініп, жүгін бірге арқалауға, бірлесіп дауыс беруге шақырамын. Сайлаудан шет қалмайық! Мемлекет басшысын бірге таңдайық! Сіздің таңдауыңыз – маңызды!
Рабиға ТҰРАШБЕКОВА,
Төлеби ауданы, Желтоқсан-86 оқиғасының күрескері
Жарияланды: 15.11.2022