Жарияланды: 01.12.2022

Тәртіп сақшылары Қорғау нұсқамасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Әйелдерге қатысты жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу полицияның жіті назарында. Себебі отбасындағы зорлық-зомбылық өз кезегінде баланың псхологиясына әсер етіп, оның ызақор, ынжық, қорқақ, кекшіл, ашушаң болып өсуіне ықпал етеді. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында бүгінде Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қорғау нұсқамасы деген не?

Тәртіп сақшылары тұрғындарға дәл осы мәселе бойынша түсіндірме жасады. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық полиция органының, ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар жәбірленушінің пікірін ескере отырып, қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда, қорғау нұсқамасында бұл туралы жазба жасалады. Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолхатпен беріледі.

Қорғау нұсқамасының көшірмесі өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға табыс етілген кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі. Қорғау нұсқамасы шығарылатын тұлғалар кімдер?

Қорғау нұсқамасы ол шығарылған кезде он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты шығарылады.

Қорғау нұсқамасы шығарылатын тұлғаларға қойылатын шектеулер қандай?

Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Қорғау нұсқамасында қандай деректемелер қамтылады? Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кімнің шығарғаны және кімге қатысты шығарылғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалған орны, уақыты және мән-жайлары немесе жасалу қаупі, жәбірленушімен қатынастарда белгіленген шектеулер, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жалғастырылған және қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдарлары көрсетіледіҚорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі қандай? Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап отыз тәулікті құрайды. Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды. Қорғау нұсқамасын бұзу салдары қандай?

Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады. Осы және өзге де мәселелер жөнінде аудан полицейлері тұрғындарға тереңірек түсіндіру жұмыстарын кең ауқымда жүргізуде.

 

 

 

 

837 қаралым