Жарияланды: 18.11.2022

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті


Комиссия құрамы Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы шешімімен бекітіліп, сәйкесінше, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылған.
Биылғы жылға саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті басқа да шығыстарға жергілікті бюджеттен 45 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Өңірлік комиссияның баспа қызметінің жоспарына сәйкес, құжаттар мен мақалалар жинағы, монография, архивтік құжаттар жинағы жылдың соңына дейін жарыққа шығады жобасы деп жоспарланған. Осыған байланысты, бүгінгі комиссия отырысына жұмысшы топтың зерттеу жұмыстарының нәтижесімен жинақталған 6 жинақ, 1 тізім және 1 монографияны баспаға шығаруға ұсыныс жасалды.
Сонымен қатар, жұмысшы топпен өңірлік комиссияның қарауына облыстық архивтегі ашық және жабық қор құжаттары негізінде дайындалған, нұсқаулықта көрсетілген баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар және Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы архивінде құрылған жұмыс тобы дайындаған Сыр-Дария округіндегі мал-мүлкі тәркіленген бай-кулактар тізімі ұсынылды. Жалпы алғанда, қылмыстық жауапкершілікке тартылған 2085 адам,мал-мүлкі тәркіленген 3090 бай-кулак, Бостандық көтерілісіне қатысқандардың 32 адамның тізімі толық ақтауға ұсынылатындар ретінде комиссия қарауына шығарылды.

488 қаралым