Жарияланды: 03.08.2018

Қой шаруашылығы бойынша бірінші орында

Уақыт аралатып барып мәліметтерді жаңартып сүйіншілеп отыратын облыстық статистика басқармасының соңғы деректері көңіл тоғайтарлықтай. Республика бойынша Түркістан облысы қой саны жағынан бірінші орынды иемденіп, қой басының жалпы көлемінен 22,4 пайызды құрады. 2018 жылдың 1 шілдесіне Түркістан облыстың барлық шаруашылығы санаттарындағы қойдың саны 4 743,2 мың басты құрап, өткен жылыдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға өсті. Шаруашылықтың санаттары бойынша қойдың басым бөлігі барлық мал басының 76,7 пайыз немесе 3 637,7 мың басы жұртшылық шаруашылықтарында шоғырланған. Қойдың басым бөлігі Сарыағаш (барлық мал басының 19,8 пайызы), Бәйдібек (11,5 пайыз) аудандарына және Түркістан қ.ә. (9,5 пайыз) тиесілі.2018 жылғы қаңтар-маусымда облыстың барлық санаттары бойынша қой еті 32 510,3 тонна (ет өнімінің барлық көлемінің 31,4 пайыз) өндірілген, 2017 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға көбейді. Өңірлер кесіндісінде қой етінің едәуір үлесі Сарыағаш (6 779,2 тонна және 20,9 пайыз қой еті өндірісінің жалпы көлемінен) және Қазығұрт (3 065,3 тонна және 9,4 пайыз) аудандарына тиесілі. 2018 жылғы қаңтар-маусымда қойдан алынған төлді әр 100 аналыққа шаққанда 86 басты құрады (2017 жылдың деңгейіне 100 пайыз), ал сойып етке өткізген қойдың орташа салмағы – 40 келіден асады.

1 059 қаралым