Күні кеше еліміз үшін тарихи оқиға орын алып, Президент сайлауы өтті. Саяси науқанға халық қызу дайындықпен қатысты. Әрқайсысы ҚР азаматы ретінде белсенділіктерін көрсетіп, таңмен таласа дауыс беруге асықты. Сайлау әділ, ашық, еш құқықбұзушылықсыз өтті.
Бұл сайлаудың ел үшін орны бөлек. Себебі осы сайлаудан кейін біздің саяси институттарымыз толығымен жаңарады.
Сайлауға белсенділік танытқан әр азамат өз Отанын, тәуелсіз Қазақстанын мақтаныш тұтатыны анық. Біз Жаңа Президентімізбен біргеміз!
Президент те ел сенімін ақтайды деген ойдамыз. Өйткені, өз сұқбатында 7 жылда барлық уәделерін орындауға барын салатынын айтты. Ендеше басшымызға қуат берсін дейміз.
Бекзат ХАМИДОВ,
Арыс ауылының тұрғыны