Кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанына Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының 30 мыңға жуық сайлаушы қатысып, өздерінің белсенділіктерін көрсетті. Ауылдың ақсақалдары, жастары,зиялы қауым өкілдері мемлекет саясатын кеңінен насихаттау жұмыстары атқарылып, натижесінде ауыл тұрғындары Ел болашағы үшін зор сенім білдірды.
Болашаққа бей-жай қарамайтын сайлаушылар өз таңдауларын жасады. Саясатты жетік білетін Әділетті мемлекет, әділетті экономика, әділетті қоғам орнатуға бар күш- жігерін жұмсап отырған Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді. Бұл – еліміздің саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымдарын білдіреді.
Біртұтас мемлекет болып өз басшымызды таңдадық. Алдағы уақыт- Елдің тұтастығы мен бірлігін сақтап, алдымызда қуатты, әділетті Қазақстанның жарқын болашағы күтіп тұр. Біз мемлекетіміз болашағына сенім білдіреміз!
Бахтияр Шамуратов
Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары