Жарияланды: 29.11.2022

Абыройы мен беделiн түсiретiн жалған мәлiметтер таратқаны үшін айыппұл салынды

 

Жала жабу бойынша әкімшілік іс бойынша 551 340 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық сотымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-3 бабының 2-бөлігімен (Басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер) Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес азамат Г. «WhatsApp» әлеуметтік интернет желісінде «ХХХХХ» чатына, жәбірленуші А.-ға қатысты дауыстық хабарлама қалдырған, хабарламада «жемқорлар», «сөздерінде тұрмайсындар» деп абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқан.

Сот отырысында азамат Г. өз кінәсін мойындап, «WhatsApp» әлеуметтік желісінде жәбірленуші А.-ға қатысты айтылған сөздер ашу үстінде айтқан болатынын, осы әрекеті үшін өкінетінін, жеңіл жаза түрін қолдануды айтып көрсетті.  Сайрам аудандық сотының қаулысымен азамат Г. ӘҚБтК-нің 73-3 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 180 (жүз сексен) айлық есептік көрсеткіш, яғни 551 340 (бес жүз елу бір мың үш жүз қырық) теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген

 

216 қаралым