Жарияланды: 02.12.2022

Проблемалық мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды

 

 

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының полицейлері «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» ұранымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында, ауқымды шаралар ұйымдастыруда. Мәселен Жетісай аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Жанна Шалбекова, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында, халық көп шоғырланатын аумақтарда, базарларда, сауда үйлерінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіріп, ақпарат берді.

Сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымдарының қызметін жақсарту, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін күшейту мақсатында аудан аумағында плакаттар ілініп, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Оған қоса Жетісай қаласындағы Қ.Сәтбаев, Д.Қонаев мектептерінің ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, қоғамдағы проблемалық мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Сонымен қатар оларды шешу жолдары қарастырылды. Осы ретте жетісайлық полицейлер акциядан бөлек, күнделікті профилактикалық сипаттағы жұмыстарды атқарып келеді.

 

644 қаралым