Жарияланды: 04.08.2018

Қазақы нақыштағы еуропалық сапа

Еуропалық сапа. Қазақы нақыш. Қызылды-жасылды, жайнаған кілем. Түркістан облысындағы «Назар текстиль» кілем фабрикасының өнімдері дәл осындай талаптарға сай. Тұтынушы сұранысын ескерген фабрика өз тауарларын арзандатылған бағада ұсынуда.«Назар текстильдің» өңіріміздегі өнеркәсіпті өркендетуде үлесі мол, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Жылына 3 миллион шаршы метр кілем тоқитын фабрика ішкі сұраныстың 65 пайызын қамтиды. Бұдан бөлек, ТМД мемлекеттеріне де тауар экспорттайды. Отандық тоқыма кластерін дамытып, «қазақ кілемі» брендін қалыптастыруды көздейтін кәсіпорын үшін тұтынушы көңілінен щығу — басты мақсат.

Аружан Жәнібек – «Назар текстиль» кілем фабрикасының өкілі «Назар текстиль» кілем өндіріс фабрикасы тұтынушылардың көңілінен шығу үшін, олардың қалауынан шыға білу үшін 1500-ден астам дизайнда Отандық өніміміз бар. Олар қолжетімді әрі сапалы. Бұл көрме 6-шы рет өткізіліп жатыр. Көрмеге келіңіз! Себебі, мұнда жеңілдікпен, өндіріс бағасымен сатылып жатыр.

 Бану Әбиева мүмкіндікті мүлт жібергісі келмеді. Биыл ғана қоныс тойын тойлаған Бану үйінің сәнін «Назар текстильдің» кілемдері келтіретініне сенімді. Отандық өнім қолдаушысы өзгелерді де осы шараға шақырады. Бану Әбиева – Шымкент қаласының тұрғыны

“Өзімнің үйіме керекті кілемдер алу үшін жәрмеңкені естіп келдім. Көңілге қонымды бағада, жақсы, сапалы кілемдер көп екен. Оған көзім жетті. Осы жерден керегімді тауып, кілемдер алып жатырмын. «Назар текстильге» алғысымды айтамын. Осындай халыққа ыңғайлы көрмелерді көптеп өткізсе деймін”.

Қазақы нақыштағы кілемдерімен келушілердің көңілін жаулап алған көрме – Отандық өнім іздегендерге таптырмас мүмкіндік! Сапасы мен бағасы сұранысқа сай. Эксклюзивті кілемдер мен жаңа топтамалар көп. Мұнда түкті, тықыр, заманауи кілемдердің сан алуан түрі бар.

Д.Мырзақадір

1 011 қаралым