Жарияланды: 14.12.2022

Емхана деңгейі төмен: Денсаулық басқармасы бас дәрігердің үндеуіне байланысты ресми мәлімдеме жасады

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, №4 қалалық емханасының жұмысы өзге емханалармен салыстырғанда төмен деңгейде. Тіпті бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Гинияттың өзі Шымкенттегі жұмыс сапары кезінде ескерту айтып, емхана бас дәрәгерінің міндеті атқарушысы Г. Нұрбекованың жұмысына қатысты сын жасаған еді.

 

«Шаруашылық жүргізу құқығындағы N 4 қалалық емханаға бас дәрігерді тағайындау конкурсы байқау кеңесінің қорытындысы бойынша заңды түрде жүргізілгенін мәлімдейміз. Денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру және бас дәрігерді тағайындау Мемлекеттік мүлік туралы заңда нақты айқындалған. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің құрамына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өкілі кіруге тиіс. Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелері арасынан байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады. Ағымдағы жылдың 21-шілде күні ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Гинияттың Шымкенттегі жұмыс сапары барысында №4 қалалық емхананың медициналық көмек көрсету сапасына және бас дәрігердің м.а. Г.Нурбекованың қызметі бойынша төмен баға беріп, ескерту берді. Басқа емханалармен салыстырғанда №4 қалалық емхананың жұмыс істеуі деңгейі өте төмен. Министрдің сапарынан кейін қалалық емхананың көрсеткіштері жақсарған жоқ.

Онкологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылық деңгейі қалалық көрсеткіштен 24 пайызға жоғары , онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші артып, тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмеген. Соның ішінде, туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші, нәресте өлімі, балалар өлім жітім көрсеткіші, неонаталдық өлім жітімнің өсуі, онкологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылық деңгейі мен онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші артып, тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмеген-делінген денсаулық сақтау басқармасының мәлімдемесінде.

 

Еске сала кетейік, Шымкенттегі №4 қалалық емханасының бас дәрігерінің уақытша әлеуметтік желіде ҚР президенті Қ. Тоқаевқа үндеу жасап, денсаулық сақтау басқарма басшысынан қысым көргенін мәлімдеген болатын

541 қаралым