Жарияланды: 20.12.2022

Бас дәрігер Аяз атаға хат жазған баланың арманын орындады

Арманшыл баланың арманы орындалды. Жаңа жыл қарсаңында қиял кеңістігінде еркін қалықтайтын бала біткен ғажайыптарға сеніп, Аяз атаға хат жаза бастайтыны белгілі.

 
Шымкент қаласындағы Бозарық шағынауданының кішкентай тұрғыны Әлихан Қалдыбай да Аяз атаға арнайы хат жолдады. Ол өз хатында ғажайыптар сиқыршысы Аяз ата балалардың барлығының арманын әлбетте орындайтынын, алдағы уақытта озат оқуға уәде беретінін айтқан. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына келіп түскен хатты жауапсыз қалдырмаған ШЖҚ №1 қалалық емхана МКК басшысы Махамбет Бейсеуов кішкентай Әлиханды арнайы шақырып, сыйлығын табыстады.
 
Бас дәрігер 8 жасар Әлиханға сабағын жақсы оқып, келешекте еліміз мақтан тұтар айбынды азамат болып өсуіне өзіндік тілегін жеткізді. Кішкентай ботақанының өтінішін жерде қалдырмаған бас дәрігерге Әлиханның анасы зор алғысын білдірді. Қаладағы №57 мектептің озат оқушысы Әлихан Қалдыбай болашақта орта мектепті үздік бітіріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосамын дейді.
705 қаралым