Жарияланды: 04.08.2018

Шикізатқа таза табиғи өнімдер пайдаланылады

Түркістан облысындағы «Kaz Med Industrial» медициналық компаниясы тек облыста ғана емес, ел нарығында толық циклді медициналық қолғаптарды өндірушілердің бірегейі болып табылады. 2016 жылдан бастап өнім шығара бастаған компанияның бүгінде тұрақты тұтынушылары қалыптасты. Барлық өнімдер соңғы технологияларды қолдана отырып және соңғы нарықтық тенденцияларды ескере отырып жасалған. Қолғаптар медициналық нарықтың барлық санитарлық, техникалық және гигиеналық талаптарына сәйкес келеді, тіркеу куәлігі, ISO 9001 және ISO 13485 халықаралық сертификаттары бар. Негізгі тұтынушылары медициналық мекемелер, дәріханалар, бөлшек сауда желілері, сұлулық салондары, жоғары технологиялық өнімдерді шығаратын кәсіпорындар, зертханалар мен химиялық кәсіпорындар, өндірістік кәсіпорындар, кондитерлік фабрикалар болып табылады. Бір рет қолданылатын қолғаптың сан алуан түрін ұсынады. Шикізатқа таза табиғи өнімдер таңдалынып алынған. Бүгінде облыстағы барлық емдеу мекемелері аталмыш компания өнімін тұтынады. Ж ыл сайын өндіріс қуатын арттырып отырған компания алдағы уақытта жұмыс орындарының санын да көбейтпек. Өнімдерінің сапасы жоғары. Бағасы да қалтаға қонымды. Алдағы уақытта компания еліміздегі медицина нарығына жаңа технологияларды енгізуді көздеп отыр. Ол үшін бүгінде мамандар шетелдерде біліктіліктерін щыңдауда.

1 017 қаралым