Жарияланды: 18.03.2023

Фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдері

2023 жылғы 16 наурызда «Шымбұлақ» тау курортында «могул»«параллельді могул» және «шаңғы акробатикасы» түрлері бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерін өткізу шеңберінде БАҚ үшін баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатының спикерлері болып «Шымбұлақ»ТК бас директоры Ринат Абдрахманов«ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы» ФА ЗТБ бас хатшысы Аскар Валиев және FIS Халықаралық шаңғы спорты федерациясының фристайл жөніндегі рейс директоры Андреа Риналди сөйледі.

Спикерлер іс-шаралар бағдарламасы туралы, ҚР ұлттық құрама командасының құрамы, қатысушы елдер туралы және могул мен шаңғы акробатикасы трассаларындайындау туралы толықтай айтып берді.

«Шымбұлақ» ТК бас директоры Ринат Абдрахмановтың айтуынша, ауқымды дайындық жұмыстары жарыс басталардан 3 ай бұрын басталған.

«2022 жылдың жазында қарлы жүйенің жаңа тармағы (2 км) салынды, жаңа жол тұжырымдамасы бекітілді және қосымша жол іске қосылды, ал 2022 жылдың қарашасында FIS өкілдері могул мен шаңғы акробатикасы трассаларынаинспекция жүргізді. 6 ратрак, 4 қарда жүретін көлік жұмылдырылды, 47 000 текше метрден астам қар өндірілді және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, сондай – ақ жақын және алыс шетелдерден 30-дан астам адам тартылды», – деді «Шымбұлақ» ТК Бас директоры.

Сондай-ақ, Р.Абдрахманов командалардың 150-ден астам өкілі, оның ішінде 14 елден 70-тен астам спортшы қатысуы жоспарланғанын атап өтті.

«Спорт әртүрлі елдердің, мәдениеттер мен ұлттардың адамдарын біріктіретінін бәріміз білеміз. Бүгін Шымбұлақ тау курортының баурайында бүкіл дүние жүзінің мықты спортшылары жиналды. Биылғы жылы біздің курорт әлемнің түкпір – түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлерді тағы бір рет қабылдап, қонақжайлылығымызды, жайдарылық пен төзімділік рухын көрсете алуғамүмкіндігін болғанын мақтан тұтады», – деді Р.Абдрахманов.

ҚР Ұлттық Шаңғы Қауымдастығының бас хатшысы Аскар Валиев жарыс Шымбұлақта 2019 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын атап өтті.


«Курорттың бірегей жерде орналасуының арқасында біз наурыз айының соңына дейін шаңғы жарыстарын өткізе аламыз. Алғаш рет Алматы қаласында фристайлдың «могул» түрінен Әлем Кубогының кезеңдері 2019 жылы өткізілді, келесі жылы Алматы тағы да фристайлдың «параллельді могул» түрінен FIS Әлем Кубогының кезеңдерін қабылдады, ал 2021 жылы Алматыда фристайлдың «параллельді могул» және «шаңғы акробатикасы» бойынша FIS Әлем Чемпионаты және  Әлем Кубогының кезеңдері ұйымдастырылды», – деп атап өтті А.Валиев.

«Могул» жарысының ресми жаттығулары 15 наурызда басталды. Биылғы жылы трасса Сухой Лог деген жаңа жерде орналасқан.


«Жаңа трасса Юлия Галышеваның құрметіне Yuka G деп аталды. Оны спорт әлемінде достары осылай атайды. Спортшылар «могул» бойынша ең әсерлі болып танылуымүмкін бұл трассаға жоғары баға берді», – деді ҚР Ұлттық Шаңғы Қауымдастығының бас хатшысы.

Біздің құраманың дайындығы туралы айта келе Аскар Валиев Қазақстан өте мықты орындарға ие екенін және басқа елдермен лайықты бәсекелес екенін атап өтті: “Өте лайықты өкілдер. Бізде жақсы өнер көрсететін және трассада жақсы жүретін жас ұрпақ бар. Жарыста Қазақстан атынан 7 спортшы қатысты. «Могул/параллельдімогул» түрлерінде  Аяулым Амренова, Антон Бондарев және Павел Колмаков«Шаңғы акробатикасы» түріндеЖанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Роман Иванов және Шерзод Хаширбаев. Ұйымдастыруда бізге серіктестеріміз бен демеушілеріміз көмектеседі және қолдау көрсетеді”. Қазақстандық құраманың толық дайындығын Халықаралық Шаңғы Спорты Федерациясының (FIS) өкілі рейс директоры Андреа Ринальди атап өтті:  «Бірінші кезекте осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Мен үйлесімді команданы, трассалардың дайындық деңгейін бөлек атап өткім келеді. Бүгін мұнда әлемдегі ең мықты спортшылар жиналды. Жыл сайын – бұл жаңа стартЖәне әр жолы ол қайталанбастай, сондықтан бізге әрқашан процестің өзі қызықты», – деп қосты Андреа.

Андреаның айтуынша, Қазақстанда спортшылардың өте перспективті ұрпағы өсіп келеді және фристайлдың лайықты болашағын құруға үлкен мүмкіндік бар.


«Мен мұнда балаларға арналған бағыттың жақсы дамып келе жатқанын мақтан етемін. Мұнда Snow Park және мектеп салынды. Бізге бұл беталыс ұнайды. Біз Қазақстанда қалып, одан әрі бірге қызмет жасауға қуаныштымыз», – деді рейс директоры Андреа Риналди.

Іс-шара соңында Parimatch Kazakhstan Қазақстанда спортты дамыту үшін негіз ретінде әлемдік брендтің тәжірибесі туралы айтты:


«Қазақстанның ең танымал тау курорты – Шымбұлақта фристайлдан Әлем Кубогын өткізу – ойлап табуға мүмкін болған ең үздік «комбо»! Parimatch еш күмәнсіз осы ауқымды іс-шараның серіктесі болу туралы шешім қабылдады. Бұл біздің «Барлығына Спорт!» деген ұстанымызбен және елімізде спортты дамыту және қолдаудеген миссиямызбен байланысады. Шаңғы, сноуборд  бұл мегаполистің әр тұрғынын бей-жай қалдырмайды. Егеркөрген финттерден кейін кем дегенде екі адам шаңғымен сырғанауды шешсе  бұл біз үшін кішкене жеңіс болады!»,- деді Parimatch Kazakhstan бренд-маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева.

328 қаралым