Жарияланды: 04.08.2018

Ет комбинаттарын көбейту –басты талап

Түркістан облысында бүгінгі таңда мал шаруашылығын дамытуға баса беріліп отыр. Оның үстіне бүгінде мал бордақылаумен айналысатын шаруашылықтардың қатары артып келеді. Дастарханынан ет үзбейтіндер сатылым көрсеткішіне үлес қосып отырса, одан бөлек сыртқа ет экспорттауда да зор мүмкіндікке ие ірі мал бордақылау кешендері де ісін ілгерілетіп отыр. Соның бірі Сырым Ертаев. Кәсіпкер «Қазақстанның 100 жаңа есімі» кітабына енген. Кәсіпкерлік саласында да тасы өрге домалап тұр, одан бөлек қайырымдылықпен де айналысады. Сырым Ертаев, кәсіпкер: «Қазіргі таңда біздің малымыздың етіне Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Ирак, БАӘ елдері қызығып отыр. Сол елдермен де келісіміз бар. Біз оған жету үшін көптеген ет комбинаттары болуы керек. Мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланудың арқасында біз Сайрам ауданында 10 мың басқа арналған бордақылау жұмысын бастап, 80 пайызға жұмысын аяқтадық» дейді. Сайрам ауданында атқарылып жатқан ауқымды тірліктері расында ауыз толтырып айтарлықтай. Шетелдерден тапсырыс көптеп түсіп жатыр. Енді тек осы тапсырысты дер уақытында дайындап үлгеріп отырса болғаны.

1 030 қаралым