Жарияланды: 09.04.2023

300-ден астам тұрғын таңертеңгілік жаттығуға қатысты

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күніне орай, жыл сайын осы күн «Денсаулық күні» деп белгіленіп, түрлі іс- шаралар ұйымдастырылады.
Аудан тұрғындарына өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, оны жақсарта түсу мақсатында салауатты өмір салтына шақыруға арналған аудан орталығында жаппай таңертеңгілік жаттығу өтті.
Жаттығуға аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, мекемелер және Ленгір қаласындағы денсаулық сақтау, білім беру салаларының қызметкерлері қатысты.
Таңертеңгелік жаттығуға қатысқандарға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек бұл күн — адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау үшін бірлескен іс-қимыл жүргізу мақсатында әрбір тұрғынының назарын денсаулық пен оның проблемаларына аударуға бағытталған жаһандық науқан екендігін айтып, спортпен тұрақты шұғылданып, денені шынықтыруға көңіл бөлу қажеттігін айтты.
Жалпы «Денсаулық баршаға» атты іс-шараға 300-ден астам адам қатысты.
375 қаралым