Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер бойынша республикада екінші орында тұр. Алдағы уақытта аталмыш саланы қарқынды дамытуға екпін берілмек. Өңірде егін шаруашылығында жаңадан 1570 гектарға қарқынды бау, 1000 гектарға жаңғақ егіліп, қуаттылығы сағатына 1 тонна шырын шығаратын зауыт салынады. Жалпы сомасы 5,02 миллиард теңгеге түрлі ауыл шаруашылық техникалары алынса, жаңа тұқым өңдейтін цех орнатылады деп жоспарлануда. Ал мал шаруашылығы саласында қосымша 43,5 мың тонна сүт, 65,8 мың тонна (тірі салмақта) ет, 67 млн дана тағамдық жұмыртқа өндірілу көзделсе, экспортқа 3 жылда 5,5 мың тонна ет шығарылатын болады. Бұдан бөлек зәкірлік кооперацияға басымдық берілмек. Ол үшін етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту күн тәртібіне шығып отыр. Өңірлік салалық бағдарламалар шеңберінде өңірде 10 жылда бордақылау алаңдарының айналасында жалпы сүтті ірі қара мал басы 150 мыңнан асуы қажет деген жоспар тұр. Қой басы 300 мың басқа дейін ұлғаймақ. Бұл өз кезегінде шетелге ет экспортын ұлғайтатын болад. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығында тер төгіп жүрген шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек. Келешегі кемел жобалар қаржыландырылатын болады. Соның есебінен ауыл шаруашылық өнімдерін шетелге экспорттау көрсеткішін жоғарылату қажеттігі туындап отыр.
Жарияланды: 05.08.2018