Жарияланды: 18.05.2023

Афион — музейге бай

Афион-Қаракесир қаласында бір-бірінен ерекшеленетін музей көп. Соның ішінде Аихеологиялық музейдің орны бөлек. Музейге кіргеннен қаланың мрамор орталығы екені анық аңғарылады. Мрамормен көмкерілген тарихи экспонаттар бірден өзіне тартады. Мұндағы жәдігерлер сонау қола, мыс дәуірінен тамыр тартады. Тіпті 15 милл жыл бұрын тірлік еткен мамонттың да қаңқасын табасыз. Сондай-ақ ежелгі халықтың тұрмысы мен тіршілігінің эволюциясынан толық мәлімет алғандай әсерге бөленесіз. Ең қызығы, осы жерде түрлі тарихи мәселелерді талқылап, ғалымдар басын қосу үшін арнайы орын берілген. Музейде тарихи деректерді түгендеудің аурасы мүлде бөлек болары даусыз

652 қаралым