Жарияланды: 06.08.2018

Өнім де өзімізден, шикізат та…

Металлургиялық кәсіпорынды монтаждау жұмыстарына қытайлық «Синь Юан Стил» компаниясы кірісті. Түркістан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан зауыт арматура, темір бұйымдарын шығаратын болады. Бұл жобада қазақстандық инвестордың да үлесі бар. Бүгінгідей құрылыс қызу жүргізіліп жатқан шақта аталған кәсіпорынның шығарған өнімдері жерде қалмасы анық. Өндіріс ошағының жетекшілері өндірген өнімдерінің 70 пайызын Орталық Азия елдеріне бағыттамақ. Бүгінде үлкен сұранысқа ие болған өнімдердің өтімділігі жоғары болары сөзсіз дейді жоба жетекшілері. Ал қалған бөлігін ішкі нарыққа шығаратын болады. Компания басшылығы шикізат іздеп шетелге сабылмайды. Кәсіпорын Түркістан облысындағы шалғай шетте орналасқан ауылдарға дейін темір бұйымдарын қабылдайтын бөлімдер ашып қойған. Осы бөлімшелерде жиналған ескі құсқы темірлерді қайта балқытып, жаңа өнім шығарады. Биылғы жылдың қазан айында кәсіпорын алғашқы өнімін шығара бастайтын болады. Ал келер жылдан бастап жылына 300 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр. Одан кейінгі жылдары 1 миллион тоннаға жеткіземіз деген жоспарлары бар. Қытайлық компанияның біздің облысымыздағы екінші өндіріс ошағы. Дәл осы индустриалды аймақта орналасқан алғашқы кәсіпорын бүгінде табысты жұмыс атқаруда.

1 018 қаралым