Жарияланды: 06.08.2018

2 мың тонна өнім жиналды

Түркістан облысының шаруалары биылғы жылды табысты аяқтаймыз деп отыр. Жаз маусымы бітпей жатып-ақ өнімнің мол болатындығынан хабар беріп, жиын терім уақыты басталды. Тамыз айы аяқталмай жатып ақ түркістандық шаруалар 2 мың тонна көкөніс, қарбыз, қауын жинап үлгерді. Әсіресе Сайрам, Сарыағаш, Келес, Шардара ауданынында көрсеткіш жоғары. Аталған аудандарда көкөністер, қарбыз қауын өсіруге машықтанған шаруа қожалықтары көп. Рекордтық көрсеткішке өкірте үлес қосатын да осы аудандар. 2 миллион тонна деген бұл түркістандық шаруалардың көздеген межесі емес. Бау бақшаларда, егінжайлардан жиналған өнімнің бұл жартысы ғана. Күзге қарай әлі де 50 пайыздай өнім жиналмақ. Жиын терімнің мол көрсеткіште болуы тұрғындар үшін қолайлы. Баға арзан болады. Түркістандық мол өнім бүгінде еуропалық одақ елдеріне, кедендік одақ елдеріне тасымалдануда. Дегенмен ол өсірілген өнімнің барлығы емес. Ерте көктемде піскен өнімдерден 310 тонна жөнелтілген болатын. Жыл өткен сайын бау бақша өсірумен, егін шаруашылығымен, жылыжай кәсібімен айналысатын серіктестіктер қатары артып келеді. Бұл өз кезегінде импорт өнімнен азаттық алып келетіні сөзсіз. Алдағы 5-10 жылда сөрелерден тек отандық өнімдерді көретін күн де таяу.

972 қаралым