Түркістан облысындағы «Заря» аяқ киім фабрикасы бүгінде өзіндік тұтынушыларын қалыптастырған кәсіпорынға айналды. Өндіріс орны шығарған аяқ киімдердің шетелдікінен кемдігі жоқ. Желім мен палтформаны ғана Ресейден тасымалдайды. Қалған шикізаттың барлығы да отандық өнім. Таза былғарыны Тараздан және Шымкенттегі өндіріс орындарынан алады. Түреиялық былғарыдан артық болмаса кем емес. Ал зарялықтарды нағыз ұста деуге болады. Шеберлердің қолынан шыққан аяқ киімдер 5 жылға дейін киіс береді. Әу баста өндірісті бастағанда кәсіпорын басшысы Алимжан Ибрагимов қиын болғанын жасырмайды. Аяқ киім тігуден бұрын, оны сату қиынға түсіпті. Өйткені түркиялық, иньальяндық аяқ киімдерге үйреніп қалған жұртшылық отандық өнімге күдікпен қараған. Кейінірек аяқ киімдердің өте сапалы әрі ыңғайлы екенін байқаған соң тұтынушылар қатары көбейе бастаған. Технология талаптарын қатаң сақтай отырып тігілетін аяқ киімдер расында өте сапалы. Қыстық аяқ киімдерге тек сапалы былғары ғана қолданылады. Бүгінде «Заря» аяқ киім фабрикасы әйелдер, ерлер, балалар аяқ киімдерін шығарады. 350 – ден астам өнім түрі бар. Маусым сайын ауысып отыратын сән әлемін жіті қадағалап отырады. Жыл сайын жаңа 20 нұсқадан қосып отырадқолы алтын шеберлер заманауи құрал жабдықтарда тігеді. Дизайнер де жергілікті маман. Біліктілігін жоғарылатып отырады. Астана қаласына көрмеге барған кезде «Заряның» өнімін талап алыпты. Әрине сапалы өнімге қашанда сұраныс бар.
Жарияланды: 06.08.2018