Жарияланды: 06.08.2018

Танымал брендке айналды

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында мал шаруашылығымен айналысатындар жетерлік. Бұл өз кезегінде ауданды етпен қамтып қана қоймай өзге аймақтарға да жөнелтуге мол мүмкіндік туғызып отыр. Қақпақ ауыл округінде «Қарқын – 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ісін ілгерілетіп отыр. 2009 жылы ашылған серіктестік бүгінде тұрақты тұтынушылары бар ірі өндіріс орнына айналып отыр. Өңдей өнеркәсібіне үлес қосып отырған шаруашылықта шұжық цехы жұмыс істейді. Мал бордақылау алаңынан бастап, мал сою, шұжық цехтары бар. Бүгінде өндіріс аумағының айналасының барлығы да жасыл оазиске айналған. Аумақты жеміс ағаштарын отырғызып, көріктендіріп, абаттандырған. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның өзіне ғана емес ауыл тұрғындарына да тиімді. «Қарқын – 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 60-тан астам өнім түрін өндіреді. «Нәрлен» сауда белгісімен шығарылатын шұжықтар бүгінде танымал брендке айналған. Сатып алушылары көп. Бағасы да анау айтқандай қымбат емес. Қолжетімді. Дәмі ерекше шұжықтардың ысталғаны да, қайнатылғаны да шығарылады. Таза табиғи өнімнен дайындалатын болғандықтан сапасы да жоғары. Еліміздің өзге өңірлерінен бөлек Ресейге де экспортталуда.

1 151 қаралым