Жарияланды: 09.08.2018

Астық түсімі жақсы

Бүгінде Түркістан облысында астық ору науқаны қызу жүріп жатыр. Аудандардың дені астықтың елу пайызынан астамын қамбаға құйып үлгерді. Сарыағаш ауданында да биылғы астық түсімі жақсы. Мәліметке сүйенсек ауданда масақты дақылдар 34714 гектарға егілген. Оның ішінде 33492 гектар егістік жиналып, жалпы өндірілген өнім 48 092 тоннаны құрап отыр. Атап айтсақ Ақжар, Әлімтау, Дарбаза, Дербісек, Қызылжар, Құркелес, Жылға, Жібек жолы, Тегісшіл ауылдық округ әкімдіктерінде 30422 гектар жердегі күздік бидайдың 29200 гектар орып алынған. Түсімі орташа есеппен гектарына 15 центнер, 43 800 тонна астық жиналған. Қалған 1 222 гектар бидай алдағы күндері жиналып алынбақ. Жаздық арпа көлемі 4292 гектар алқапқа егіліп Қапланбек, Жылға, Жібек жолы, Ақжар, Дербісек ауылдарында ору науқаны аяқталған. Гектарына 10 центнерден өнім өндіріліп, жалпы есепте 4292 тоннаны құрады. Ал күздік бидай толық орылып қамбаға құйылған кезде, аудандағы жиналған астық түсімі мол болары анық. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі биылғы астық түсімі жылдағыдан мол болады деген жоспарлары бар екендігін айтып отыр.

965 қаралым