Жарияланды: 20.06.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақ және неміс жоғары оқу орындары ректорларының форумына қатысты

Мемлекет басшысы Астанаға арнайы келген Германия Президентіне және неміс университеттерінің өкілдеріне алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапар қазақ-неміс ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік беретін еліміздің білім және ғылым саласындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Ғылым мен технологияны қоса алғанда, көптеген саладағы байланыстарымызды нығайтуға мол мүмкіндік бар. Қазақстанды Еуразиядағы зерттеу хабына айналдыру – арманым. Осы орайда менің арманымның жүзеге асуында неміс университеттері маңызды рөл атқарады. Ал мүмкіндіктер туралы айтатын болсақ, әрине, біз экономикалық серіктестігімізді нығайтуға баса назар аударамыз. Неміс инвесторларының экономикамыздың дамуына белсенді атсалысуын жоғары бағалаймын. Қазақстан Үкіметі бизнес-қоғамдастықтың еліміздегі ұзақ және қауіпсіз қызметі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Сіздердің бизнестегі, экономикадағы, сондай-ақ ғылыми саладағы кәсіптеріңіз табысты болуы үшін Қазақстан Үкіметі қабылдайтын барлық шараны талқыладық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

197 қаралым