Канадалық сарапшылар жергілікті мекеме мен іскер қоғамдастық үшін олардың ү.ж. 8-9 маусымда Қазақстан елордасында өткен Астана халықаралық форумының жұмысында қатысу қорытындылары бойынша онлайн іс-шара өткізді.
Іс-шараға Канаданың мемлекеттік органдары, аналитикалық орталықтары мен іскерлік топтарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. Қазақстандық қоғамның өзгермелі құрылымы мен динамикасы, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, жасыл энергетикаға көшу, жасанды интеллект пен көпжақты перспективаларды енгізу мәселелерін шешу тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар іс-шара барысында Канаданың Орталық Азия өңірі елдерімен, бірінші кезекте Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыптары қозғалды.
Атап айтқанда, МакГилл университетінің профессоры Барт Эдес және «Макдональд-Лорье» талдау орталығының ғылыми қызметкері Джонатан Миллер Астанада өткізілген кездесулердің кейбір қорытындыларымен, сондай-ақ форумға қатысу туралы әсерлерімен бөлісті. Олар салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде Қазақстанда еркін бизнесті жүргізудің жаңа экономикалық ортасы қалыптасқанын, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына қарай үлкен өзгерістер өскенін, азаматтық қоғам институттарының қоғамдық-саяси белсенділігі өсуде екенін атап өтті.