Жарияланды: 20.06.2023

Қазақстан Елшісі Норвегияның Стортингі Президентімен кездесті

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегияның Стортингі Президенті Масуд Гараханиге сыпайылық сапарымен барды.

Елші Норвегия парламентінің басшысын Қазақстанның қазіргі дамуы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалары, еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттары, Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі туралы хабардар етті.

Стортинг Президенті Қазақстандағы парламентаризмнің дамуына, сондай-ақ Астана мен Осло арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барысына қызығушылық танытты.

Әңгімелесушілер Қазақстан-Норвегия парламентаралық байланыстарын одан әрі нығайтуға үлес қосуға келісті.

188 қаралым