Жарияланды: 07.07.2023

Сарыағаштық делегация Қытайда жүр

 
 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында берілген тапсырмаға сәйкес аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш ауданнының кәсіпкерлерімен бірге Қытай Халық Республикасына арнайы іс-сапармен жолға аттанды.

 
Аталған іс-сапардың негізгі мақсаты – ауданның экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Сарыағаш ауданына енгізу, халықтың әл-ауқатын көтеру, ірі кәсіопорындарын ашу болып табылады.
 
Іс-сапар бағдарламасына сәйкес, делегация жұмыс жоспары алғашқыда Урумчи қаласында орналасқан минералды тыңайтқыш өндіретін зауыттың тарихымен және өндіріп жатқан өнімнің жетістіктерімен тансудан бастау алды, келесі бағыт әр түрлі тамақ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдық жасап шығаратын зауытқа барып өнімдерімен танысып, құрал-жабдықтардың тізімімен бағаларын алу. Әрі қарай, күніне 25 дана ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаратын зауыттың жұмысымен танысу.
 
Содан соң, Түркістан облысынан келген делегация Чжэнчжоу қаласында бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпорын жұмыстарымен танысады.
390 қаралым