Жарияланды: 05.08.2023

10 ЖЫЛДА 400-ГЕ ЖУЫҚ КӨРМЕ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласының мәдени ошағы — Көрме орталығының халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына биыл 10 жыл. Бүгінде орталықта өтіп жатқан іс-шаралар заманауи форматта айшықталуда.
 10 жыл ішінде өткен 378 көрменің 50-ден астамы халықаралық деңгейдегі іс шаралар. Африка елдерінің, “HALAL EXPO “ , “Poneton” , «Worldskills», Иран Ислам республикасының, Өзбекстан республикасының, “AgriTekShymkent” халықаралық көрмелері жергілікті бизнес өкілдерінің әріптестік байланысына жол ашты.
 Елдің ерекше қызығушылығын туғызған “KAZDENTEXPO-ЮГ” халықаралық стоматологиялық көрмесі де жыл сайын өтеді. Көрмеде тұрғындар денсаулықты жақсартуда пайдалы кеңестер алып, кәсіпкерлер озық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік алады. 10 жылдық мерейтой қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен Тәжікстан елінің құрылыс көрмесі және Түркия елінің брендтік киімдер көрмесі ұйымдастырылып, тауарлар халыққа тиімді бағада ұсынылады.
280 қаралым